×

Ел тұрғындарына цифрлық кадастр арқылы бос жерді таңдауға мүмкіндік берілмек

Ары қарай тұтынушының өтініші жауапты мекемелерге жолданып, келісіледі

 Еркеғали Болатұлы 27.10.2022 | 12:15
фото: ашық дереккөз

Жерге иелік ету бұрынғыдан оңайырақ болу керек. Мәжіліс депутаттары осындай өзгеріс енгізілген жылжымайтын мүлік туралы заң жобасын мақұлдады деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бұл жер аламын деушілердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге тиіс дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Себебі бұл қызметті бүгінде қағазбастылық жайлаған. Жер халыққа қолжетімді болуы үшін Үкімет арнайы ақпараттық жүйе әзірлепті. Цифрлық кадастр арқылы азаматтар өзіне ұнаған бос жерді таңдай алады. Ары қарай тұтынушының өтініші жауапты мекемелерге жолданып, келісіледі. Кейін тұрғындар өз өтінішінің қай сатыда екенін электронды үкімет порталы арқылы бақылап отырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін азаматтар өз иелігіндегі жерге және ондағы жылжымайтын мүлікке бөлек құжат дайындайтын еді. Енді барлығын бір құжатқа сыйдырып рәсімдейді.

Сәулет органдары өтініш келіп түскеннен кейін сұратылып отырған жер учаскесінің Бас жоспарға және орналастыру жоспарларына сәйкестігін, нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін айқындайды. Сонымен бірге қолданыстағы инженерлік коммуникацияны көрсете отырып, жер учаскесін бөлу схемасын дайындайды, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама