×

Абай облысында екі ер адам Ресей азаматын тонап кетті

Қазір қылмысқа қатысы бар екі күдікті УҰИ-ге қамалды

 Динара Амантай 24.10.2022 | 14:43
Фото: ашық дереккөз

Абай облысында полицейлер шетел азаматын тонап кеткен күдіктілерді ұстады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қазан айының басында түнгі уақытта Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөлімінің 102 жедел арнасына Ресей Федерациясының 23 жастағы азаматы жүгініп, Ертіс көшесінде орналасқан үйдің ауласында екі белгісіз ер адам оның 20 000 теңге және 50 000 рубль қаражатын ашық түрде ұрлап кеткенін хабарлаған.

Криминалистер оқиға орнынан дәлелдер жинап, төрт қол ізі, аяқ киімдер ізі, топырақ пен микробөлшектерді тәркіледі. Жедел қызметкерлер тізбек бойынша ақпараттар жинап, айналадағы барлық бейнебақылау камераларын зерттеді. Үйлесімді жұмыстың нәтижесінде полиция қызметкерлері қаскүнемдердің жеке басын анықтап, қолға түсірді. Олар бұрын сотталған 37 және 38 жастағы қала тұрғындары болып шықты.

Сол күні күдіктілер алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Кейін дүкеннен шыққан жәбірленушіні қуып жетіп, оны тонап кеткен.

Қазір қылмысқа қатысы бар екі күдікті уақытша ұстау изоляторын қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Орал қаласында дәл осындай жағдай болып, екі жігіт ресейлікті тонап кеткен. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама