×

Жамбыл облысынан 9 ителгіні шетелге алып өтпек болғандар ұсталды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 21.10.2022 | 13:56
Фото: gov.kz

Кеше Жамбыл облысының Бесағаш шекара бөлімшесінің аумағында Қазақстаннан Қырғызстанға қызыл кітапқа енген 9 сұңқар тұқымдас ителгі құсын заңсыз алып өтпек болған азаматтар ұсталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қылмыстық құқық бұзушылық Жамбыл облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен «Охотзоопром» ӨБ» РМКК инспекторларының, құқық қорғау органдары мен «Бесағаш» шекара бөлімі қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде анықталды.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Испаниялық браконьерлер Жетісу өңірінде Қызыл кітапқа енген Сібір тауешкілерін атқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама