×

Сотталушыларға жазасын кейін өтеуге мүмкіндік берілмек

Заңға өзгерістер мен түзетулер енгізіледі

 Дәурен Ерболат 19.10.2022 | 18:05
Фото: liter.kz

Қазақстанда ауыр дертке шалдыққан сотталушыларға жазасын кейін өтеуге мүмкіндік берілуі мүмкін. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстанның қылмыстық, қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Мейрам Аюбаев заңға қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілетінін түсіндірді.

Екінші норма – тергеу кезінде науқасты босатуға қатысты. Қазір заңда мұндай норма бар. Қылмыстық кодекстің 75-бабына сәйкес сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босату немесе аталған орындардағы сотталғандардың жазасын барынша жеңілдетуге көзделген. Қазір біз бұл норманы кеңейтуді ұсынып отырмыз. Мысалы, сот жаза тағайындаған кезде ауыр дертке шалдыққан науқастың сырқатын ескеріп, оның жазасын кейін өтеуге мүмкіндік беру яғни ол ауруынан жазылғанған дейін, - деді комитет төрағасының орынбасары кулуарда.

Оның айтуынша, ауыр дертке шалдыққан сотталушылардың диагнозының нақты тізімі бар әрі ол бұйрықта көрсетіледі.

«Қорытынды шығаратын арнайы медициналық комиссия бар. Оған қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің дәрігерлері мен азаматтық сектордағы дәрігерлер кіреді. Бұл тәуелсіз комиссия сотталған адамның ауыр дертке шалдыққанын растайды әрі қорытынды шығарып, сотқа ұсынады», - деді Мейрам Аюбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама