×

Алматы облысында жер сілкінді

Бұған дейін зілзала 13 қыркүйекте болған

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 15:57
фото: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 18 қазан күні Астана қаласының уақытымен 13 сағат 50 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 77 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында болған. Энергетикалық санаты – 8.0. MPV тербелісі – 3,5. Тереңдігі – 5 км.

Жерасты дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Бұған дейін облыста жер сілкінісі 13 қыркүйек күні болған. Сол кезде Алматыдан шығысқа қарай 89 шақырым қашықтықта, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы Қаратұрық ауылынан шамамен 30 шақырым жерде жер сілкінген.

Осыған байланысты Алматы облысы ТЖ департаменті жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, Қазселденқорғау департаментіне, прокуратураға және басқа да ұйымдарға шұғыл хабарлап, ақпарат жинаған. Қазір де осы мекемелер жер сілкінісіне байланысты тиісті ақпарат жинап, елді хабардар етіп келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама