×

Көші-қон қызметі азаматтарға ескерту жасады

Әр адам тұрғылықты жері бойынша тіркелу керек

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 14:26
фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі азаматтарға заң бойынша нақты тұратын жерде тіркелуі керектігін ескертті.

«Әрбір азамат өз үйінде, жалға берілетін немесе тұрақты тұратын басқа үйде тіркелу керек. Егер адам үйде тіркелмеген болса, онда оған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабында 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға дейін жауапкершілік көзделген. Айыппұлдың көлемі  21 мың теңгеден асады», –  делінген хабарламада.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті барлық азаматтарды заңға бағынуға шақырады.

«Тұрғылықты жерге тіркелу студенттерге де қатысты. Студент оқу орны бойынша тіркелуі керек. Үш қарапайым әдіспен тіркеуді тексеріп, тіркелуге болады:

Бірінші, азаимат ХҚКО-ның кез-келген бөлімшесінде тіркеле алады. Ол үшін өзімен бірге жеке куәлік пен тіркелуге келісім беру үшін тұрғын үй иесінің болу керек.

Екінші, egov.kz-те «электрондық үкіметтің» интернет-порталы арқылы тіркелуге болады. Онда азамат тұрғылықты жері бойынша тіркеуге өтінім беру керек. Ал меншік иесі өз келісімін , egov.kz-те порталы арқылы бере алады.

Үшінші, азамат смартфонда App Store мен Playmarket-ті көшіріп алып,  банктің мобильді қосымшасында тіркеле алады», –  делінген хабарламада.

Толығырақ ақпаратты ІІМ Көші-қон қызметінің және Polisia.kz сайтынан алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама