×

Жаңаөзендік полицей заң бұзған әріптесін қуып жетіп, хаттама толтырды (ВИДЕО)

Ұсталған қызметкердің іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарастырады

 Еркеғали Болатұлы 16.10.2022 | 13:09
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде бір полицейдің әлдебір құқық бұзушының соңынан қуып бара жатқан видеосы тарады. Lada.kz мәліметінше, қашып бара жатқан ер адам да полиция қызметкері екен. Оны кейін ІІМ де растады.

6 қазан күні сағат 12.00-де Жаңаөзен қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген Toyota Crown автокөлігін тоқтатты. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») әкімшілік хаттама толтырылды, - деп жазылған ІІМ ресми хабарламасында.

Қазір автокөлік айып тұрағында тұр. Материал сотқа жіберілген. Сонымен қатар қызметтік тексеру де жүргізіліп жатыр екен. Енді ұсталған қызметкердің іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарастыратын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама