×

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан адамдар көбейіп жатыр

 Онкологиялық ауруларды скрининг көрсетіп отыр

 Дәурен Ерболат 13.10.2022 | 14:38
Фото: zdrav.expert

Алматыда 3,6 мыңнан аса адам қатерлі ісікке шалдыққан. Өткен жылмен салыстырғанда науқастардың саны 303 адамға көбейді. Бұл туралы қалалық онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, жыл сайын әрбір бесінші қазақстандық сапалы медициналық көмек алу үшін басқа өңірден Алматыға келеді.

Бүгінде қалада 3,6 мыңнан аса адам қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл былтырмен салыстырғанда 303 адамға көп. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім бойынша бірінші орында – сүт безі обыры (14,7%, 533 дерек), екінші – колоректальді қатерлі ісігі (9,3%, 337 дерек), үшінші – өкпе қатерлі ісігі (7,5%, 273 дерек),  төртінші – асқазан қатерлі ісігі (5,1%, 186 дерек) тұр, –  деді Нұрсұлтан Ізбағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Директор науқастар соңғы 9 айда аурудан қайтыс болған адамдардың азайғанын жеткізді.

«Бұл Алматыда онкологияға шалдыққан науқастарды толық емдеумен және емханаларда ауруды ерте анықтау мақсатында диагностиканың артуымен байланысты. Қатерлі ісікті ерте анықтау 36,3%-ға өсті. 9 айда онкологиялық ауруды ерте анықтау бойынша скрининг жоспарының орындалуы – 86,7%. 137 адамнан қатерлі ісік анықталды», –  деді басшы.

Нұрсұлтан Ізбағамбетов скрининг арқылы тексерілу маңызды екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама