×

Талдықорғанда автобекет маңында ер адамды пышақтап кетті

Мас күйде болған күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды

 Динара Амантай 12.10.2022 | 11:47
Фото: zannews.kz

Талдықорғандағы автобекетте пышақпен мас күйінде төбелес шығарған күдікті ұсталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 11 қазан күні 22 жастағы жігіт ауыр пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Оның қалалық автовокзал аумағында орналасқан кәуап орталығында жараланғаны анықталды. Оған мас адам шабуыл жасаған.

Оқиға орнына жіберілген патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел-іздестіру шарасы барысында ұстады. Мас күйде болған күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу амалдары басталды. Пышақ тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іс материалдарына қоса тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама