×

Зеленский Путинмен келісім жасауға тыйым салатын жарлыққа қол қойды

Құжатта Украинаның НАТО-ға мүшелікке өтініші туралы шешімі қабылданды

 Дастан Жұмабекұлы 04.10.2022 | 16:45
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен келісім жасауға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.

Ресей Федерациясының президенті В.Путинмен келіссөз жүргізу мүмкін емес, –  делінген 30 қыркүйектегі №679 жарлықта.

Құжатта Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесіне Украинаның тез арада Солтүстік Атлантикалық Шарт ұйымына (НАТО) мүше болуға берген өтініші туралы шешімі де мақұлданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама