×

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен ОСК-ға құжат тапсырды

 Ол «Аманат» кәсіподақтар одағынан ұсынылды

 Дастан Жұмабекұлы 04.10.2022 | 16:08
фото: ашық дереккөз

Мейрам Қажыкен кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды.

Бұл туралы ОСК хабарлады.

4 қазанда ОСК-ға «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы республикалық кәсіподақтар одағының Қажыкен Мейрам Зекешұлын Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат етіп ұсынуы туралы құжаттары ұсынылды, –  делінген хабарламада.

 «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы РКБ ОСК-ға кәсіподақтар одағы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні,  Мейрам Қажыкеннің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтінішін, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжатты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелерін тапсырды.

«Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы одағының орталық атқару комитеті отырысы 28 қыркүйекте өткен болатын. Онда Мейрам Қажыкен осы ұйымнан кандидат ретінде ұсынылған.

Мейрам Қажыкен 61 жаста, Павлодар облысының тумасы. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры.

Ол –  әлеуметтік-экономикалық жүйені, бейімделген экономиканы дамыту және Қазақстан Республикасының Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі тұжырымдамасы жөніндегі кітаптардың авторы. Мейрам Қажыкен Yntymaq партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың көшбасшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама