×

Бишімбаевтың бұрын көлікпен бала қаққаны рас па – ІІМ жауабы

Полиция сотта айтылған мәліметті тексерген

 Дәурен Ерболат 17.04.2024 | 13:23
скриншот: видео

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха сотталушы Қуандық Бишімбаевтың «бұрын көлікпен бала қағып кеткені» жайлы ақпаратты растамады.

Көлікпен бала қағып кетті деген ақпарат расталмады. Біз марқұмның туыстарымен (Салтанат Нүкенова – авт.), оның ішінде ағасымен де сөйлестік. Ақпарат қайдан шыққанын да тексердік. Бірақ онда басқа жағдай туралы айтылған. Сондықтан ақпарат расталмады, - деді Игорь Лепеха.

Бұған дейін Астанада өтіп жатқан сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың анасы экс-министр Қуандық Бишімбаев көлікпен бала қағып кеткенін, бірақ жауапкершіліктен құтылғанын айтқан еді.

САЛТАНАТ НҮКЕНОВАНЫҢ ҚАЗАСЫ

2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды. 

Сот басталған кезде сотталушы Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Экс-министрдің соттағы жауабын мына жерден оқуға болады.

Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат Нүкенова және оның құрбысы үшінеуі «Қазақстан» орталық концерт залына концертке барған. Сол жерде екеуінің арасында жанжал шығып, концерт аяқталмастан шығып кеткен. Артынша BAU мейрамханасына келіп, бірнеше сағат бойы әңгімелескен.

8 сәуірде Астана қаласы көшпелі бригада дәрігері Нұрлан Мұхамбеденов сот залына келіп, тараптардың сұрағына жауап берді.

9 сәуірдегі сот отырысына қылмыстық іс бойынша куәгер Данияр Мейірбеков қатысты. Сол күні Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қатысты. Сарапшы манекеннің басына қызыл және көк түсті қаламмен бірнеше жарақаттың орнын салып көрсетті.

10 сәуірдегі сот отырысында қылмыстық іс бойынша куәгер Аида Ахмедина қатысты. Прокурор Айжан Аймағанова сот барысында Ахмедина мен марқұм Салтанат Нүкенованың бір-біріне жазған хаттарын оқыды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама