×

«Мұнда тек қазақтар тұрады». Елордалықтар бульвар орнына шіркеу салынып жатқанына қарсы

Шіркеу Есіл ауданы Е32 мекенжайында салынып жатыр

 Наима Нұрәлі 23.08.2022 | 16:58

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы дін істері басқармасы елордадағы мектеп тапшы аудандардың бірінде шіркеу салынып жатқаны туралы Halyq Uni тілшісіне хабарлаған еді.

Құрылысы енді басталған шіркеуге қажетті жер учаскесі 2018 жылы берілген. Әкімдіктің жауабында мешітттің немесе шіркеудің құрылысын қаржыландыруға мемлекет ешқашан ақша бөлмейтіні айтылды. Заң бойынша оған діни бірлестіктер бөледі, демеуші тауып, қаржыландырады. Мешіттер де солай, меценаттардың қаржысына салынады.

Айта кетейік, жаңа шіркеу бой көтеретін жердің тұрғындарына дәл қазір шіркеу, мешіт секілді ғибадат орындары емес, мектеп, балабақша, спорт кешені секілді әлеуметтік нысандар қажет. Оны құрылысы енді басталып жатқан шіркеу маңында тұратын тұрғындар Halyq Uni тілшісіне айтып берді.

Тұрғындардың бірі мектеп қажетін айтса, тағы бірі халық тығыз қоныстанған ауданда балабақша жетпейтінін айтты.

«Пәтер сатып алған кезде менеджерлер бұл маңда гүлзар, саябақ салынады деп сендірген еді. Енді міне, шіркеу салынатынын өзіңізден естіп отырмыз. Не үшін? Мұнда тек қазақтар тұрмай ма? Бізге дәл қазір мектеп, балабақша керек. Астана тұрғындарына үш шіркеу де жеткілікті емес пе? Шіркеудің бәріне кім бара береді?», - деді тұрғындардың бірі.

Бүгінде елордада үш шіркеу бар. Енді төртіншісі бой көтермек. Есіл ауданы Е32 мекенжайындағы нысанның құрылысы биыл маусым айында басталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама