×

Ақмола облысында газ баллоны жарылды: үш адам қаза тапты

Түрлі дене жарақатын алған тағы 11 адам аудандық орталық ауруханаға жеткізілді

 Халық үні 17.11.2021 | 09:24

16 қарашада Ақмола облысының Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Сағат 21:38-де Шортанды кентінің №18 байланыс пунктіне полиция бөлімінің кезекшісінен газ баллонның жарылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Өртті сөндіруге ТЖД 35 қызметкері мен 7 техникасы, «Жер Ана» ЖШС МЕӨҚҚ-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Барақ үлгісіндегі пәтерде өрт шығып, шатыры толықтай өртке оранған. Өрттің аумағы - шамамен 350 шаршы метр. Өрт сағат 23:55-те толық сөндірілді.

Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Түрлі дене жарақатын алған тағы 11 адам аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Жарылыс салдарынан 2017 жылы туған бала, 33 және 34 жастағы екі әйел қайтыс қайтыс болды. Зардап шеккен 11 адамның бесеуі – балалар. Ақмола облысының бас дәрігері Нариман Сыздықовтың айтуынша, 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, екеуінің жағдайы ауыр. Олардың денесінің 90 пайызын күйік шалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама