×

Тоқаев. Түркіменбашы. Ахалтеке жылқысы

Қазақстан Президенті Ахалтеке жылқысына арналған кешенге барды

 Халық үні 25.10.2021 | 16:42

Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді.

Мемлекет басшысына Түрікменстан Президентінің арғымақ аттары көрсетілді. Іс-шара барысында құрметті қонақтар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президентіне асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама