×

«Көңілбай Шүкеновті таппай жүрміз»: Amanat Home салымшылары тағы жиналды

Amanat Home салымшылары Көңілбай Шүкеновті бетпе-бет кездесуге шақырды

 Гүлбаршын Нұрхан 10.10.2023 | 11:15

Астанада Amanat Home салымшылары Halyq Uni редакциясына хабарласып, тағы да көмек сұрады. Осыдан екі ай бұрын олар тілшімізге мәселенің мән-жайын баяндап берген еді.

Amanat Home кооперативі 200-ден астам салымшының не үйін, не ақшасын бермеген. Сол уақыттан бері еш өзгеріс жоқ. 

«Біз салымшы ретінде ақша салып, оны қайтара алмағандықтан, 25 адамның үстінен арыз жазуға екінші рет жиналып отырмыз. Бармаған жеріміз жоқ. Не ақшамызды, не үйімізді бермеймін деп нақты айтпайды. Телефонын да көтермейді, бізді бұғаттап тастаған. Сол кезде бізді қабылдаған адамдардың бәрін таба алмай жатырмыз. Енді қайда барарымызды білмей жүрміз», - дейді салымшы Гүлназ Ибраева.

Одан бөлек, Amanat Home кооперативі ұйымдастырған ұтыстан 1 бөлмелі үй ұтып алған Болатбек Мамырбеков те үйдің құжатын ала алмай, өз атына рәсімдей алмай жүр. Ол бұған дейін далада қалғанын айтқан болатын.

Болатбек Мамырбеков содан бері әлі ешнәрсе өзгермегенін, жауапты тұлғалардан жауап ала алмағанын айтты. «Енді ар-намысымды таптап, мазақ еткені үшін сотқа жүгінемін» деп отыр.

«Көңілбай сол үйге барып, видео түсіріп, ақшасын бердім деп айтыпты. Енді ақша аударғаны рас болса, үйді менің атыма рәсімдеуі керек қой. Құжатын тапсыруға тиіс болған Маржан Рахымбаеваның жауабын күттім, бірақ еш жауап берген жоқ. Мені мазақ қылып отыр ма? Үйді беріп, қайтадан тартып алып отыр. Еш ренжімесін, енді күтпеймін. Мен басқа шара қабылдаймын. Олар уәдесінде тұрмады. Үйді берсін немесе мәселені заң алдында шешеміз», - дейді Amanat Home ұйымдастырған ұтыстан бір бөлмелі пәтер ұтып алған Болатбек Мамырбеков.

Amanat Home салымшылары Көңілбай Шүкеновті бетпе-бет кездесуге шақырды. Олар ақша салуға үгіттеген адам «Әлеуметтік желіде Құран ұстап видео түсіргенше, халық алдында жауап берсін» деп талап етіп отыр.

Көңілбай Шүкенов бізбен бетпе-бет кездесіп жауап бергенін талап етеміз. Бізді осы ақша салуға шақырған кезде, ешнәрсе онлайн болған жоқ. Бізге барлығын бетпе-бет түсіндіріп берген соң сол пирамидаға кіргенбіз. Енді сол шақырған адамдардың ешқайсысын таба алмай жатырмыз. Көңілбай да, басқа да жоқ. Өздері шақырған соң түсіндіріп, бәрін жүзбе-жүз кездескенде айтып берсін. Бізге Құран ұстап видеомен жауап бергені керек емес, - дейді салымшы Айгерім Жүзбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама