×

Құмар ойын туралы халық пікірі: «Небір мықты жігіттер салынып кетті»

Соңғы үш жылда Қазақстан азаматтары құмар ойындарға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсаған

 Гүлбаршын Нұрхан 28.07.2023 | 09:49

Қазақстанда жыл басынан бері 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды. Жуырда заңнаманы бұзған тағы 3 букмекерлік кеңсенің ісі сотқа жетті

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов букмекерлік компанияларды оңды-солды жарнамалауды тоқтатуды, осы ретте заңға да өзгерістер енгізу керегін жеткізді.

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов 2022 жылы Қазақстанда 3676 суицид фактісі тіркелгенін, ондай қадамға баратын әрбір бесінші адамның құмар ойынға әуес екенін айтты.

Депутаттың дерегінше, соңғы үш жылда Қазақстан азаматтары құмар ойындарға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсаған.

Осы ретте Halyq Uni тілшісі қоғамның пікірін біліп, букмекерлер жармасын шектеу, құмар ойынның зардабы туралы сұрады:

  • Қазақстанда букмекерлік кеңселердің ашық жарнамалануы лудоманияны (құмар ойынға тәуелділік) қоздырып отыр ма?
  • Лудоман, яғни құмар ойынға тәуелді адам толыққанды айығып кете алады деп ойлайсыз ба?

Серіктес жаңалықтары

Сараптама