×

«Опық жедім». Мәжіліс депутаты бір кездері Арон Атабекті қорғағаны үшін өкінетінін айтты

Марқұм Арон Атабек бір кездері Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның қоғамдық көмекшісі болған

 Халық үні 09.12.2021 | 09:21

Жуырда бақилық болған ақын, диссидент Арон Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасы кезінде Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның қоғамдық көмекшісі болған. Депутат сол кезде барын салып, ақынды қолдағысы келген. Ақын үшін сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен, сол кездегі Ішкі істер министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановпен жолыққан. Бірақ кейін істің анық-қанығын білгенде, қателігін түсініп, «опық жегенін» айтты.

2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, биыл түрмеден шартты жазамен босап шыққан диссидент ақын Арон Атабаек 24 қараша кешкісін ауруханада қайтыс болды.

Арон Атабек жатқан Алматыдағы «Медициналық көмек орталығының» өкілі Қуаныш Керімқұлов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, марқұмның қан айналымы тоқтап қайтыс болғанын айтты. Медициналық көмек орталығы Арон Едігеевке «аса ауыр деңгейдегі коронавирус инфекциясы» диагнозы қойылғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартқанын, кейін ауыр жағдайда реанимацияға түскенін жеткізді.

Ресейдің Астрахань облысында дүниеге келген Арон Атабек Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін тәмамдаған. Кейін Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) мемлекеттік университетінің моңғолистика және түркология кафедрасы аспирантурасында оқыған. Біраз уақыт кино, баспа саласында жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама