×

Қазақстан коронавирусты толық жеңді ме – сауалнама

Пандемия бітті: инфекция әлі толық жойылған жоқ, бірақ шектеулер алынды

 Наима Нұрәлі 30.05.2023 | 10:23

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус пандемиясының аяқталғанын, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын хабарлады. Осыған байланысты Қазақстан бас санитары қаулыларының күші жойылып, шектеулер алынды.

Алайда, Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы әлі жойылмағанын ескертті.

Үш жылға созылған пандемиядан біз нені ұқтық? Коронавирустың беті қайтқанымен, оның «ізі» қалды ма? Оны Halyq Uni тілшісі тұрғындардан сұрап білді.

Ресми деректерге сүйенсек, пандемия басталғалы әлемде кем дегенде 20 миллион адам қайтыс болған. Алайда тұрғындар арасында әлі күнге дейін әлемді жайлаған бұл індетке күмәнмен қарайтындар жоқ емес. Тіпті, кейбірі коронавирус ешқашан болған емес деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама