×

Қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейді - сауалнама

Қала тұрғындары мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзетуге пікірін айтты

 Наима Нұрәлі 09.11.2022 | 10:43

Ел заңнамасына мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету әзірленді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылды.

«Қазір «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді», – делінген Үкімет басшысының мәлімдемесінде.

Үкімет басшысының жауабында айтылғандай, аталған заңнамалық түзетулер Парламент депутаттары бастама жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос палата депутаттарының түзетулеріне және Үкімет қорытындысының жобасына енгізілген.

Осы ретте Halyq Uni тілшісі азаматтардың пікірін біліп, сауалнама жүргізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама