×

Мұхтар Тілеуберді Жапонияның экс-премьерін жерлеу рәсіміне қатысты

Рәсімге 6 мыңнан аса адам қатысқан

 Дәурен Ерболат 03.10.2022 | 17:10
Фото: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің жерлеу рәсіміне қатысты. Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Биыл 27 қыркүйекте премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін Жапонияға жұмыс сапарымен барды. Ресми рәсімге 6 мыңнан аса адам, оның ішінде Жапонияның жоғары лауазымды саясаткерлері, Парламент депутаттары және 200-ден аса мемлекет пен халықаралық ұйымдардың делегациялары қатысты, - деді Айбек Смадияров

Қазақстандық делегация басшысын Жапонияның Үкімет басшысы Фумио Кишида қабылдаған.

«Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қазақстан Үкіметі мен халқының атынан көңіл айтты. Қазақстан СІМ басшысы марқұм экс-премьер-министрдің жұбайы Акиэ Абэге де көңіл айтты», - деді СІМ-нің ресми өкілі.

Еске сала кетсек, Жапонияның экс-премьері қастандықтан көз жұмған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама