×

«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

Ол шетелде жауапты қызметтер атқарған

 Дәурен Ерболат 03.10.2022 | 10:46
Фото: primeminister.kz

Енді «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы қызметін Әсел Жанасова атқарады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен «Қазпошта» АҚ басқармасының төрайымы болып Әсел Жанасова тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

2020 жылғы шілдеден осы уақытқа дейін Әсел Жантасова Сауда және интеграция вице-министрі болды. Ол сауданы цифрландыру, төлем жүйелерін дамыту және цифрлық банкинг саласындағы жобаларға жауап берді. Оның жергілікті және халықаралық IT-жобаларды жүзеге асыруда 10 жылдан аса тәжірибесі бар.

2010 жылы Әсел Жантасова «Болашақ» стипендиясы бойынша Кембридж университетінде информатика саласында бакалавр дәрежесін алды.

2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, Михаил Ломоносов атындағы ММУ-ді Executive Management бағдарламасы бойынша білімін шыңдады.

2010 – 2014 жылға дейін Лондондағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры қызметін атқарды.

2014 – 2016 жылдары Ұлттық банктің Банктік сервис бюросы директорының кеңесшісі, Ұлттық банкттің цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды. 

2016 – 2017 жылдары «Зерде» ұлттық басқарушы холдингте басқарма төрайымы қызметін атқарды;

2017 – 2018 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқарушысының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2018 – 2020 жылға дейін АХҚО цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды.

Сондай-ақ Әсел Жантасова 2019 жылы «Қазақстан 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама