×

Атырау облысында қайғылы жағдай болды (ФОТО)

5 адам әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген

 Халық үні 01.10.2022 | 21:58
фото: Halyq Uni

Атырау облысының Ақтөбе - Атырау - Астрахан тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан 55 жастағы жолаушы қаза тауып, 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе - Атырау - Астрахан тас жолында Ford Transit автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағыттағы Урал және Лада автокөліктерімен соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Transit көлігінің 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 5 адам әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама