×

Ресейліктер ҚР азаматтығын алуға құжат тапсырды – Ішкі істер министрі

Адам көп шоғырланатын жерлерде полиция нарядтарының саны артты

 Еркеғали Болатұлы 01.10.2022 | 16:17
фото: ашық дереккөз

Биыл Ресей Федерациясының 382 азаматы біздің елде тұрақты тұру үшін және 64 азаматы ҚР азаматтығын алуға құжат тапсырған. Бұл туралы бүгін көші-қонның өзекті мәселелері бойынша өткізілген кеңесте Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Министр алдымен 21-28 қыркүйек аралығында Ресейден Қазақстан аумағына келген мигранттар қатарының әдеттегіден 2-3 есеге көбейгенін атап өтті. Тек соңғы екі күнде бұл елден келушілер саны едәуір төмендей бастаған (29 қыркүйекте 22,5 мың адам келсе, 10,1 мың адам шығып кеткен; 30 қыркүйекте 14,9 мың адам келіп, 11,6мың адам кеткен). Ал жалпы есептік кезеңде Ресей Федерациясының 382 азаматы тұрақты тұру үшін және 64 азаматы ҚР азаматтығын алуға құжат тапсырған.

Бұл ретте ІІМ шетелдік азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін және заңдылығын қамтамасыз етуді бақылауды күшейтіп, адам көп шоғырланатын жерлерде полиция нарядтарының санын арттырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама