×

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының басшысы ауысты

1973 жылы сол кездегі Целиноград қаласында дүниеге келген

 Еркеғали Болатұлы 01.10.2022 | 14:53
фото: ашық дереккөз

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Дәулет Хамзин сайланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Дәулет Хамзин 1973 жылы сол кездегі Целиноград қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының магистратурасын «Экономика және болжау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы инженер-бағдарламашы ретінде бастаған.

Сондай-ақ ол 2006 жылдан бастап азаматтық авиация саласының түрлі басқарушылық лауазымдарында қызмет атқарып келеді. Атап айтқанда, әр жылдары «Сары-Арқа әуежайы» АҚ президенті, «Scat авиакомпаниясы» АҚ дамыту бойынша вице-президенті, «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.

Министрлік дерегінше, Дәулет Хамзин 2020 жылдан бастап елорда әуежайында атқарушы директор, коммерция департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Биылғы қаңтар айынан бастап «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама