×

Біртановтың соты: Бұрынғы денсаулық сақтау министрі қызметінен кетуіне Маминнің қатысы бар екенін айтты

Екі жыл бұрын ол қызметінен пневмонияға шалдығуына байланысты өз еркімен босатылғанын мәлімдеген болатын

 Халық үні 01.10.2022 | 08:33
Фото: Tengrinews.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта 2020 жылы шілдеде қызметінен қалай босатылғанын айтып берді.

Екі жыл бұрын ол қызметінен пневмонияға шалдығуына байланысты өз еркімен босатылғанын мәлімдеген болатын.

Біртановтың айтуынша, ауруына байланысты қашықтан жұмыс істеп, тек президент және өңір басшыларымен арнайы байланысып отырған. Осы кезде Алексей Цой үшін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі лауазымы енгізіліп, министрдің міндетін атқарушы етіп тағайындаған.  

«Бізде бірінші вице-министр лауазымы жоқ болатын, алайда Цой үшін осындай қызмет пайда болды.Бұл менің құзыретіме кірмейтін болғандықтан, қарсы болған жоқпын, келістім. Мен Алексей Владимировичке жан-жақты көмектесуді тапсырдым. Маған премьер-министр хабарласып, сенің ауруың қанша уақытқа созылатыны белгісіз, сондықтан күнделікті жұмысты атқаратын министр керек деді. Бұл енді заңды мәселе. Мен түсінетінімді айтып, бірден жұмыстан босату туралы өтініш жазып, барлық жұмысты Алексей Цойға тапсырдым», – деді  Елжан Біртанов сотта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама