×

Мемлекеттік әнұран қандай жағдайда ауысады – министрлік жауабы

Әнұран 2006 жылы қабылданды

 Айгерім Таубай 29.09.2022 | 12:03
Фото: ашық дереккөз

Еліміздің мемлекеттік гимні халық бастама көтерсе ғана ауысады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді.

Halyq Uni министрлікке ресми сауал жолдап, мемлекеттік әнұран қандай жағдайда өзгеретінін нақтылады. 

Мемлекеттік гимн мемлекеттіліктің ажырамас атрибуттарының бірі болғандықтан, оны ауыстыру жалпыхалықтың бастама арқылы жүзеге асады. Әлемдік үрдісте мемлекеттік гимнді жиі ауыстыру құпталмайды, - делінген министрлік жауабында.

Министрлік мемлекеттік әнұран ретінде «Менің Қазақстаным» әні таңдалғанын еске салып, қазір гимн ел азаматтарын әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, 1992 жылы Қазақстанның мемлекеттік гимнді таңдау конкурсында әнұранның 750 нұсқасы қаралды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтауға шешім қабылданды.

Осылайша, Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамидидің музыкасы қалды.

Ал үздік мәтінге жарияланған байқауда белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

2006 жылы «Менің Қазақстаным» әні Қазақстанның жаңа мемлекеттік әнұраны ретінде қабылданды.

Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған. Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәтінге біршама өзгеріс енгізді. Сөйтіп, авторлардың қатарына қосылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама