×

«Әйелдің төстартқышы мен іш киімін киген»: Алматыда 7-сынып оқушысының соңынан аңдыған ер адам ұсталды

Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамның жауапқа тартылмайтынын айтқан

 Халық үні 28.09.2022 | 22:48
Фото: Kazakh-tv.kz

Алматыдағы Ақсай шағын ауданында көйлек киген ер адам 7-сынып оқушысының соңынан аңдыған. Желідегі ақпаратқа сәйкес ер адам қыздың желкесінен үрлеп, қолын денесіне тигізген. Алайда полицейлер оны жауапқа тартпайтын болды.

Оқиға туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында мәлімдеді. 

Қыздың жылап тұрғанын көріп, сатушы жігіт артынан ерген ер адам ұры екен деп араша түседі. Улап-шулаған жұрт полиция шақырып, «қызықтың» көкесі сол жерде жалғасқан. Жігіттің қара сөмкесі өңкей нәресте киіміне толы, өзі жейдесін шешсе, әйелдің төстартқышы мен іш киімін киіп алыпты, – деп жазды журналист. 

Журналистің айтуныша, Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамның жауапқа тартылмайтынын айтқан.

Қалалық полиция департаментінің өкілдері оқиғаның 26 қыркүйекте болғанын, ер адам сұрақтарға дұрыс жауап бермегенін айтқан.

1994 жылы туған Н. есімді азаматтың анасы анықталды. Ол ұлының бала кезінен психикалық ауруға шалдыққанын түсіндірген. Аталмыш дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ-да іс қозғалды.  Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша Н.есімді азаматтың есі дұрыс немесе дұрыс еместігі және оның әрекеттеріне квалификация берілетін болады. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама