×

Арнайы операция барысында аса қауіпті қылмыскерлер ұсталды

Олар адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген

 Дәурен Ерболат 28.09.2022 | 17:50
Фото: uralskweek.kz, polisia.kz

Алматы облысында аса қауіпті 2 қылмыскер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Арнайы операция ТМД елдерімен бірлесіп жүргізілді. Оған Алматы облысының ПД Криминалдық полиция бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының қызметкерлері қатысты. Нәтижесінде іздеуде жүрген аса қауіпті 2 қылмыскер ұсталған.

Мәселен, «Алтын Орда» базарының аумағында Тәжікстанның екі азаматы ұсталды. ІІМ біріктірілген деректер базасы бойынша тексеру барысында күдіктілердің Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша («Адам өлтіру») іздеуде жүргені арнықталды. Олар уақытша тергеу изоляторына қамалды, - деді Алматы облысы ПД басшысының орынбасары Серік Шалхаров.

Жалпы «Іздестіру» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында іздеуде жүрген 14 күдікті ұсталды. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 10 адамның қайда жүргені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама