×

Астананың әлеуметтік нысандары жылыту жүйесіне бүгін қосылып жатыр

Ал көппәтерлі тұрғын үйлер жылытуға кейін кезең-кезеңімен қосылады

 Еркеғали Болатұлы 28.09.2022 | 15:40
фото: ашық дереккөз

Астанада әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастады деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астанада ауа райының салқындауына байланысты медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б. нысандар жылыту жүйесіне мерзімінен бұрын қосыла бастады, - делінген хабарламада.

Ал көппәтерлі тұрғын үйлер жылытуға 30 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен қосылады.

Сондай-ақ елордада елді мекендерді газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандарындағы үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілді, - деп хабарлады ведомстводан.

Сол сияқты жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама