×

ДХР мен ЛХР-дағы референдум: Қазақстан ұстанымын айтты

Қазақстан саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын

 Динара Амантай 26.09.2022 | 11:11
Коллаж: Halyq Uni

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ЛХР, ДХР, Запорожье мен Херсон облыстарындағы референдумдарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ЛХР мен ДХР деп өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің және Запорожье мен Херсон облыстары әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылу туралы референдумдар өткізуіне келетін болсақ, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады. Президентіміз бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімдеді. Жарғыда БҰҰ-ға мүше елдердің бейбітшілік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау жауапкершілігі туралы айтылады, – деді Айбек Смадияров.

Сонымен бірге ол Қазақстанның саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет санайды, – деп түйіндеді сөзін ресми өкіл.

Еске сала кетсек, бұған дейін ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарында Ресейге қосылуға байланысты референдум басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама