×

Ресей өз азаматтарына Қазақстанға шығуға тыйым сала бастады - БАҚ

Бұл туралы адвокат Павел Чиков мәлімдеді

 Халық үні 26.09.2022 | 08:25
фото: diapazon.kz

Ресей өз азаматтарына Қазақстанға шығуға тыйым сала бастады, деп хабарлайды Baza басылымы. 

25 қыркүйектегі хабарламаға сәйкес, Федералды қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі ресейліктерге елден кетуге тыйым сала бастаған. Бұл туралы адвокат Павел Чиков мәлімдеді. 

Сонымен қатар басылым ресейлік «Озинки» және «Звериноголовское» өткізу пункттерінде берілген әскерге шақырту хаттарын да жариялады. Бұл өткізу бекеттері Қазақстанмен шекарада орналасқан. 

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресейде жартылай мобилизация жарияланған соң Қазақстанға келушілердің саны күрт өскен. 23 қыркүйектегі жағдай бойынша жыл басынан бері Қазақстанға 1,6 миллион Ресей азаматы келген. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама