×

«Дикий Арманның» ең жақын серіктесі «бостандыққа» шықты (ВИДЕО)

Қылмыс әлемінің серкесін ең жақын достары отшашумен қарсы алды

 Халық үні 26.09.2022 | 07:21
фото: ашық дереккөзден

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі, қылмыс әлемінде «Нойс» лақап атымен танымал Нұржан Иманәлиев күні кеше көпшілік көзіне түсті, деп хабарлайды exk.kz.

Естеріңізге сала кетсек, «Дикий Арманның» ең жақын серіктестерінің бірі Нұржан Иманәлиевтің Түркияда қамалғаны жайлы ғаламторда ақпарат тараған еді. Бірақ оны ешкім растамағанымен, Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі біраз уақыт жұрт назарына ілікпеді.

Көптен бері көпшілікке көрінбеген Нұржан Иманәлиев пен Айнұр Тұрсынбаеваның бірге жүрген видеосы тарады.

Аталған бейнежазбада қылмыс әлемінің серкесін ең жақын достары отшашумен қарсы алып, көңіл кешті атап өткенін аңғаруға болады.

Өз ортасына оралған Нұржан Иманәлиев пен Айнұр Тұрсынбаеваның сауық кешіне өнердегі достары да жиналған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама