×

Мобилизациядан қашқан: Қазақстан шекарасында Ресей азаматтары ұсталды

Ұсталғандарға қатысты жауап алу шаралары жалғасып жатыр

 Халық үні 25.09.2022 | 21:58
фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік қызметі Қазақстан шекарасын айналып өтпек болған үш ресейлікті ұстады. Оқиға Қостанай облысында болған. 

2022 жылдың 25 қыркүйегінде Қостанай облысы бойынша шекара қызметі департаментінің аумағында «Тобыл» бөлімінің қызметкерлері Ресей Федерациясының үш азаматын ұстаған.

Өз әрекеттерін олар Ресейде жүріп жатқан жартылай мобилизациядан жалтарумен байланыстырды. Ұсталғандарға қатысты жауап алу шаралары жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша аталған азаматтар Ресейге беріледі, – делінген хабарламада.

Комитет өкілдері шекараны қорғау қызметінің күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама