×

Мобилизациядан жалтарған ресейліктер Қазақстанның қай өңірлеріне жаппай келіп жатқаны белгілі болды

Ең көп жиналу Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады

 Халық үні 24.09.2022 | 23:45
ашық дереккөзден

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Ресеймен шекарада жеңіл автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Ведомствода атап өткендей, 21 қыркүйектен бастап Ресейден Қазақстанға тасымалданатын жеңіл автокөлік санының 20 пайызға өскені байқалады.

Осыған байланысты Қазақстанға кіру кезінде РФ шекарасының кейбір учаскелерінде автокөлік құралдарының жиналуы байқалады. Ең көп жиналу Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға келетін ресейліктер санының артқаны туралы хабарлаған болатын. Ал Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, биыл Қазақстанға 1 660 000 РФ азаматы кірген, ал 1 640 000 адам кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама