×

«Әлбетте бармаймын». Ресей шенеуніктерінің ұлдары соғысқа қатыспайтынына сенімді

Ол жерде болуымның дұрыс емес екенін түсінуіңіз керек, мен мұны басқа деңгейде шешемін, дейді Песковтың ұлы

 Еркеғали Болатұлы 23.09.2022 | 17:16
фото: ашық дереккөз

Ресейде жартылай мобилизация жарияланған күні «Популярная политика» YouTube арнасының жүргізушісі Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың ұлына қоңырау шалған. Жүргізуші өзін әскери комиссариат қызметкерімін деп таныстырып, оны мобилизация аясында әскерге шақырған деп хабарлады Stan.kz.

Жүргізуші тікелей эфирде Николай Песковты келесі күні сағат 10.00-де медициналық тексеруден өтуге шақырады. Алайда шенеуніктің ұлы шақырудан бас тартып, бұл мәселені «басқа деңгейде шешетінін» айтқан.

Ертең сағат 10-да мен әлбетте бармаймын. Егер сіз менің Песков мырза екенімді білсеңіз, онда менің ол жерде болуымның дұрыс емес екенін түсінуіңіз керек. Мен мұны басқа деңгейде шешемін, - деп жауап берген 32 жастағы Николай.

Дмитрий Песков ұлының бұл әрекетіне сенбейтінін айтып, оның сөздері бұрмаланған деді. Бірақ сұхбат тікелей эфирде көрсетілген.

Дмитрий Песков «Подъем» басылымына оның ұлы мен оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары арасындағы әңгімеде «негізгі мазмұнның кесіліп тасталғанын» айтқан.

Ал Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустиннің ұлы Алексей Мишустин өзінің мобилизацияға қосылмайтынын, себебі Жоғарғы экономика мектебінде магистратурада оқып жатқанын айтқан. Сонымен бірге ол соғысқа қатысуға ниеті жоқ екенін, тек біліммен айналысатынын жеткізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама