×

Марий Эл депутаттары Путинді отставкаға жіберуді талап етті

Мемлекеттік думаға үндеу жолданды

 Дастан Жұмабекұлы 23.09.2022 | 16:40
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Марий Эл Республикасының депутаттары Владимир Путинге наразылық білдіріп, оның отставкаға кетіруді талап етті.

Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

Жергілікті депутаттар Путиннің әрекеттеріне өз наразылықтарын білдірді, – делінген хабарламада.

Марий Эл муниципалды депутаттары РФ Мемлекеттік думасына Владимир Путинді лауазымынан алып тастау жөнінде үндеу жолдады. Бұл оқиға Ресейде ішінара мобилизация жасау жөнінде жарлық шыққан күні болды.

Құжатқа ассоциация төрағасы Николай Сорокин қол қойған.

Марий Эл республикасы – Ресей Федерациясының Еділ бойы федералды округі құрамына кіретін субъектісі. Ол – фин-угор тілді марийлер тұратын республика.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама