×

Алматы облысында 10 жасар баланы қағып кеткен сәттен видео жарияланды

Құқық қорғаушылар ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады

 Халық үні 23.09.2022 | 07:29
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов алтыншы сынып оқушысын қағып кеткен сәттен видео жариялады. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйекте сағат 18:45 шамасында болған. 

«Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген-Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында мерт болды», – деді Рустам Әбдірахманов.

Құқық қорғаушылар ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Сотқа дейінгі тергеу Алматы облысы ПД анықтау бөліміне жүктелді.  Жүргуші ұсталып, Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деді Әбдірахманов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында 10 жасар баланы қағып кеткен көлік жүргізушісінің кім екені анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама