×

Жетісайда өртеніп кеткен базардың орны жаңартылып жатыр

Тауарлары жанып кеткен кәсіпкерлерге «Ырыс» қаржы ұйымынан жеңілдетілген несие берілді

 Еркеғали Болатұлы 22.09.2022 | 14:03
фото: ашық дереккөз

Қазір Түркістан облысының Жетісай ауданында өртеніп кеткен базардың орнына жаңа сауда орталығы салынып жатыр. Зардап шеккен 600-ден аса саудагерге жаңа орын беріліп, олар бір жылға дейін салықтан босатылған.

Қазір жұмысшылар екі аусымда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жаңа базардың жобасы жасалып, сауда нүктелері қолайлы әрі қауіпсіз етіп салынуда.

Аумақ 6 секторға бөлінген. Инфрақұрылым тартылып, жол жөнделіп жатыр. Ал тауарлары жанып кеткен кәсіпкерлерге «Ырыс» қаржы ұйымынан жеңілдетілген несие берілді. Олар қазір қайта іске кіріскен. Шығын арнайы құрылған қор есебінен өтелмек.

«Базарда 30 пайыз өртенбеген жер бар. Сол жерлерге уақытша болса да сөре қойып, халық шығып жатыр. Көрші базарымыз бар, қалғаны сол жаққа барып жайғасты», - дейді базар басшысының орынбасары Рашид Ахмедов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама