×

«Қайрат Сатыбалдыға елге опасыздық, сатқындық айыптары тағылмай ма?»: Заңгер Бас прокуратураға сауал жолады

Бәріне Мәсімов кінәлі ма сонда?, дейді ол

 Халық үні 22.09.2022 | 07:47
коллаж: Halyq Uni

Заңгер, ҚР президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының сот процесіне қатысты пікір білдірді. 

Неге тек ғана Қазақтелеком 12 млрд ғана ұрлағаны жайлы іс қозғалған? «Қайрат Сатыбалды жасаған ісіне өкінеді және келтірілген шығынды толық өтеуге дайын», - деп бостандыққа шығара саласыздар ма?! «Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты салық және кеден төлемдерін төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергеліп жатыр», дегенді қалай түсінеміз?  Елге опасыздық, сатқындық  айыптары бұл кісіге тағылмай ма? Бәріне Мәсімов кінәлі ма сонда?! ҚР Бас прокуратурасы жауап берулеріңізді сұраймын!, - деп жазды ол. 

Айта кетейік, 2022 жылдың 13 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. 

Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама