×

Алматыда 200-ге жуық жол белгісі тексерілді: дені талапқа сай емес

Мамандар жол белгілерін үздіксіз тексерудің нәтижесі туралы айтты

 Халық үні 21.09.2022 | 13:44
Алматыдағы жол белгілері

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары Алматы көшелеріндегі екі жүздей жол белгілерін тексеріп, талапқа сай емесін анықтады деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Алматы қалалық филиалының мамандары қала көшелеріндегі жол белгілері мен таңбаларды тексеруді жалғастырып жатыр. Себебі жолдағы қауіпсіздік үшін, жол апаттарын болдырмау үшін белгілердің маңызы зор. Зертхана мамандары арнайы құрылғылардың көмегімен белгілердің жарыққа шағылысу деңгейін анықтап, таңбалардың талапқа сай болуын қадағалауда. 

Жыл басынан бері ЖАҰСО Алматы қалалық филиалының мамандары қаладағы үш ықшамауданда 200-ден астам жол белгілерінің жарық қайтару меншікті коэффициентінің көрсеткішін және орнату биіктігін арнайы құрал-жабдықтармен тексеріп, олардың ішінен жарық қайтару көрсеткіштері талапқа сай еместерін анықтады, - деп жазылған баспасөз хабарламада.

Қыркүйектен бастап орталық мамандары Нұршашқан, Самғау, Құрамыс ықшамаудандарында тексеру жүргізді. Бұл аудандардағы жол белгілерін қоюшы компания «Альмерия» ЖШС. Тексеру барысында анықталған олқылықтарды түзету туралы хаттама мердігерлерге, жол қауіпсіздігіне жауапты ұйымдарға жолданады. Онда мердігер компания шұғыл түрде жол белгісін немесе таңбаны талапқа сай етіп қайта жасауға міндеттеледі. Мамандардың сөзінше, жол белгілері қозғалыс қауіпсіздігі үшін өте маңызды. 

Айта кетейік, Алматы қаласында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» бақылауында 3000 шақырымнан асатын жол бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама