×

Жапон аралдарынан 9 млн адамның көшуіне бұйрық берілді

Кемелер жағалауға оралып, 800-дей әуе рейсі мен пойыздар тоқтады

 Еркеғали Болатұлы 20.09.2022 | 14:14
фото: ашық дереккөз

Жапонияның Кюсю, Сикоку және Чугоку аймағында 9 миллион адамға қауіпсіз жерге көшуге бұйрық берілді.

Өйткені елдің оңтүстігіне «Нанмадол» супер тайфуны сағатына 234 шақырым жылдамдықпен соққы беріп, тасқын басталып жатыр. Алдағы бірнеше күнде алапат дауыл Хонсью аралын жайпауы мүмкін.

Жексенбі күні ондаған мың адам шатырда түнеді. Ал жарықсыз қалған үй саны 350 мыңға жақындап қалған. Бұған қоса, кемелер жағалауға оралып, 800-дей әуе рейсі мен пойыздар тоқтады. Дүкен мен кәсіпорындар жабылып жатыр.

«Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, тайфуннан 2 адам қаза тауып, 87 тұрғын жараланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама