×

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына теміржол салынады

Елорданың атауы өзгергенмен, әуежайдың коды бұрынғыша қалатын болды

 Еркеғали Болатұлы 20.09.2022 | 10:23
фото: ашық дереккөз

Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының қолданыстағы ұшу-қону жолағы соңғы рет 2003 жаңартылған. Одан кейін бұл бағытта ешқандай жұмыс атқарылмапты.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, тек биыл ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда әуежай басшылығы авиатасымалдар қарқынының өсуі мен әуежайды дамыту жөніндегі жоспарға байланысты, әуеайлақ учаскесін қайта жаңарту керек деп отыр. Бұдан бөлек, екінші ұшу-қону жолағын салу, арнайы экономикалық аймақ ашу және авиаотынды жеткізу логистикасын жақсарту үшін теміржол салуды жоспарлап қойған.

Біз 2027-2028 жылдары жолаушылар саны артады деп күтіп отырмыз. Сәйкесінше ұшу-қону жолағы сапалы болу керек. Ал жөндеу уақытша қолайсыздықтар туғызады, бірақ біз бұл мәселені шешеміз. Астананың әуе айлағы жолаушылар ағыны мен орындалатын рейстер саны бойынша келесі жылы еліміздегі ең ірі әуе айлағына айналуға тиіс. Алдағы 5 жылда жүк тасымалын 4 есеге ұлғайту жоспарланған, - дейді «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин.

Бұл ретте елорданың атауы өзгергенмен, әуежайдың коды бұрынғыша қалатын болды.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының өзгеру-өзгермеуін Үкімет және депутаттар қабылдайтын болады, - дейді басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерғазы Жолдасов.

Пандемия салдарынан соңғы жылдары әуежайда жолаушылар саны азайып, әуе айлағының жұмысы тек транзиттік жүк рейстеріне жанармай құюмен, оларға қызмет көрсетумен шектелген. Бірақ түскен қаражат қызметкерлер алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді өтеуге, жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік берген.

Жаңа стратегияның нәтижесінде биыл бірінші жартыжылдықтағы Астана әуежайының таза табысы 1,6 млрд теңгеге жетсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 68 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама