×

Петропавл әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Олардың қоқыс шығару қызметіне қарызы 28 млн теңгеге жеткен

 Дәурен Ерболат 19.09.2022 | 15:13
Фото: pikabu.ru

Петропавлда жер үй секторындағы тұрғындардың бір бөлігі қоқыс шығарушы компаниялармен келiсiм жасаудан бас тартты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Салдарынан көше бойына қоқыс контейнерлерi орнатылмаған. Осылайша, тұрғындар қоқысты аялдама маңына тастауды әдетке айналдырған.

Сондай-ақ қоқыс шығарушы компанияның қызметiне мүлдем ақы төлемейтiн петропавлдықтар да бар. Бүгiнде олардың берешегі 28 млн теңгеге жетті, - деп жазылған хабарламада.

Петропавл қаласының әкімдігі абаттандыру ережелерiн бұзған тұрғындар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатынын ескертті.

Соңғы 2 күнде жер үйде тұратын 22 тұрғынға жалпы сомасы 130 мың теңге айыппұл салынған.

«Құрметтi қала тұрғындары, қоқыс шығарушы компаниялармен келiсiмге отырып, қызметтi уақытылы төлеулерiңiздi сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама