×

Украинадағы соғыс Луганск пен Донецк шептері үшін болып жатыр

Изюм қаласында 500-ге жуық адамның моласы табылды

 Дастан Жұмабекұлы 19.09.2022 | 10:43
Фото: dialog.ua

Қарсы шабуылға шыққан Украина қарулы күштері ұрыс қимылдарын Луганск және Донецк облыстары аумағында жүргізіп жатыр.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Луганск облысы Украинаның оңтүстік-шығыстағы ең соңғы шебі. Оның арғы жағында – Ресейдің Ростов облысы.

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк Украина территориясын осы кездері Ресей оккупанттарынан толық азат үшін өз әскерлеріне Әуе қорғанысына қарсы жүйелер керек екенін мәлімдеді.

Біріншіден, маңызды инфрақұрылымдар нысандарын ПВО жүйесімен қорғай білу қажет. Себебі, Ресей енді тек азаматтық нысандарға ғана соққы жасайтын болады. Ол әскери құрылымдарға тісі батпайтынын біледі. Екіншіден, әскеріміз Луганск пен Донецкіні азат етсе,  бұл Ресейде саяси тұрақсыздықтың пайда болуына апарып соқтырады. Ресей бұдан кейін қайтып қуатты майдан шебін құра алмайды. Бұл – шындық, – деді Подоляк.

Бұған дейін Балаклеяны басып алған 202-полк Луганск қаласына қашып кірген болатын. Оның жауынгерлерінің жартысы украин әскерлеріне тұтқынға түсті.

Жаудан босатылған Изюмде 500-ге жуық адамның молалары табылды. Олардың бәрі 3 наурыздан бері осы жерді басып алған ресейлік басқыншылардың қолдарынан қаза тапқан. Араларында 20 әскери қызметкердің қолдары байланып қойылып өлтірілгені анықталды.

Ресей осы кезге дейін Украинада орасан зор адам күші мен қару-жарақ жоғалтты. Қаза тапқан солдаттар саны 50 мың адамнан асады, ал техника саны бұрын болжанып келгеннен де көп мөлшерде талқандалып жоқ болып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама