×

Балуан Дәулет Шабанбайға Олимпиаданың қола жүлдесі табыс етілді

Ол допинг тексеруден өтпей қалған спортшының медалін алды

 Дастан Жұмабекұлы 19.09.2022 | 10:17
Фото: olympic.kz

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес балуаны Дәулет Шабанбайға 2012 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Олимпиаданың қола жүлдесі табыс етілді.

Оған қола медальді «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының (UWW) президенті Ненад Лалович табыс етті.

Қазақ балуаны 2012 жылғы Олимпиадада бесінші орын алған болатын. Ол осы жарыста үшінші және төртінші орын иеленіп, допинг тексеруден өтпей қалған спортшылардың қола жүлдесін алды. Қола медаль АҚШ-тың өкілі Тервел Длагневке де табыс етілді.

Дәулет Шабанбай – төрт дүркін Азия чемпионатының қола жүлдегері (2008, 2009, 2011, 2014). Одан кейін ол 2014 жылы Азия ойындарының күміс медалисі атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама