Елордадағы Nur-Sultan жазулары демонтаждала бастады

Халық үні

Әлеуметтік желілерде «Нұржол» желекжолы бойындағы әріптердің орнынан алынып жатқан видеосы тарады

Фото: inform.kz

Елордадағы Nur-Sultan жазулары демонтаждала бастады. Әлеуметтік желілерде «Нұржол» желекжолы бойындағы әріптердің орнынан алынып жатқан видеосы тарады.

Сондай-ақ желіде Ботаникалық бақтағы Nur-Sultan жазуының да алынып жатқан фотолары пайда болды.

Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» жарлыққа қол қойған болатын.

Айта кетсек, Ата Заңның 5 бабына өзгерістер енгізіліп, 1 бап қосылды. Заңнама негізінде елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгертілді.