×

Тоқаев заңға қол қойды: елордаға Астана атауы қайтарылды

Нұр-Сұлтан қаласының атауы ресми түрде өзгерді 

 Халық үні 17.09.2022 | 19:02
Фото: elorda.info

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Түзетулерде президент өкілеттігі 7 жылға ұзартылып, Нұр-Сұлтан қаласының атауы Астана болып өзгертілетіні көзделген. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама