×

БҚО-да 52 мектепте директор қызметі бос тұр

Директорлардың міндетін орынбасарлары атқарып жүр

 Халық үні 18.09.2022 | 22:30
Фото: liter.kz

Батыс Қазақстан облысында 52 мектепте директор қызметі бос тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың міндетін орынбасарлары атқарып жүр. Бұл туралы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы брифингте баяндады.

Айтуынша, мониторинг нәтижесінде кадрларды тарту және әдеп нормаларын сақтауға қатысты көптеген кемшілік анықталған. 84 педагогты жұмысқа қабылдау конкурсының кейбір талабы сақталмаған. Ал 71 маман конкурссыз-ақ қызметке кіріскен. Сондай-ақ Қазталов пен Ақжайық аудандарында балабақша меңгерушілері тәрбиешілерге шамадан тыс жұмыс жүктегені белгілі болды.

Қазталов ауданына қарасты балабақша меңгерушісі ӘҚБ туралы ҚР Кодексінің 409 бабының 7-3 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақжайық ауданының балабақша меңгерушісіне әдеп нормаларын сақтамағаны үшін ұсыныс беріліп, білім бөлімі тарапынан сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды, - дейді облыстық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама