×

Димаш Лас-Вегаста Головкинді қолдау үшін еліміздің әнұранын орындады

Санаулы минуттардан соң жекпе-жек басталады

 Динара Амантай 18.09.2022 | 09:33
фото: instagram.com

Димаш Құдайберген Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі алдында Қазақстанның мемлекеттік әнұранын орындады.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің біртуар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 18 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG - Canelo үшінші жекпе-жек алдында, Димаш Құдайберген Мемлекеттік әнұранымызды орындап батырымызға қолдау көрсетуі жоспарланғаны туралы хабарланды.

Боксшылар кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама